Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
Астана қаласы әкімдігінің "№ 86 "Зияткер" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Ресми сайт

Жыл құстары

Тақырыбы: Жыл құстары

                                                             

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті : Қоршаған әлеммен таныстыру.

Тақырыбы: Жыл құстары

Мақсаты: Балаларды жыл құстарымен таныстыру.

Жыл құстарын және құстардың пайдасын ажыратып үйрену.

Міндеттері:

  1. Құстар жайлы білімдерін толықтыру. Оларды сыртқы келбетіне қарап ажырата білуге үйрету.
  2. Зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы құс қанаты, қауырсынының қасиеттері жөнінде білімдерін дамыту. Мнемокесте арқылы суреттеп айтуға үйрену сөздік қорларын толықтыру.

3.Табиғатты қорғауға,құстарға қамқор болуға үйрету.

Сөздік жұмыс: отар болып ұшу, сына

Қосымша жұмыс:

Құстарға бақылау жасау; өлеңдер жаттату, құстар жайлы әңгімелер тыңдау. Әртүрлі құстар жайлы суреттер қарау.

Көрнекіліктер:

— Жыл құстары

— Мультимедия көрініс құстар;

Балалар үшін: әр балаға зерттеу жұмыстары үшін: стақан, су лупа, құс қауырсындары, қайшы, рефлексия үшін қарындаштар

Өткізу барысы: Шаттық шеңберіне тұрады.

Сәлем  бердім  күнге  мен,

Сәлем  бердім  аспанға,

Сәлем  бердім  жерге  мен,

Сәлем  бердім  саған  да

Сәлем  бердік  қонақтар

Табиғатқа,  құстарға.

— Балалар  күз айларын атаңдаршы.

— Күз мезгілінің табиғаттағы құбылыстарын айтыңдаршы.

— Жапырақтар сарғаяды, жиі жаңбыр жауады , құстар жылы жаққа ұшып кетеді, күн қысқарады,түн ұзарады.

Дұрыс,бүгін біз сендермен жыл құстары жайлы әңгімелесеміз.

— Құстар нешеге бөлінеді?

— Қандай жыл құстарын білесіңдер?

— Дұрыс айтасыңдар.

— Неге олар жылы жаққа ұшып кетеді?

Балалар жауабы:

— Құстар екіге бөлінеді:жыл құстары,қыстап қалатын құстар.

-Үйрек, тырна, ұзақ, қарлығаш, қараторғай, т.б. жатады.

Өйткені, күн суытады жейтін қоректері  азаяды.

Әңгімелесу                                                                                                                                          Табиғатта құстардың түрлері көп. Саябақта, орманда, теңізде, ауылда болсаңда бірнеше құстардың түрлерін көресің. Олардың барлығы дерлік ұша алады. Құстар – қауырсын, қанатты. Қауырсындары жылуды ұстап тұрады. Құстардың қауырсын жүндері түссе, орнына жаңа қауырсындар шығады екен. Құстар ұяда өмір сүреді. Олар ұяларын жапырақтар мен шөптер, бұтақтардан жасайды. Тастарды паналайды. Күзде күн суыта бастағанда құстар жылы жаққа ұша бастайды. Яғни, жәндікпен қоректенетін құстардың қорегі азайғандықтан, олар жылы жаққа ұшады.Мысалы:жәндікпен қоректенетін құстар:  қарлығаш,бұлбұл -шыбын,қоңыздар ұшып жүрген жәндіктерді аулап жейді екен .Өсімдік жемістері мен тұқымдарымен қоректенетін құстар, яғни дән жегіштер .

Соңында ,су қатқанда кештеу суда тіршілік ететіндер:аққулар,үйректер қаздар ұшып кетеді.

 

  • Олар жылы жаққа ұшады ал жолды қайдан біліп ұшады?

Айтпақшы кейбір құстар түнде, кейбіреуі күндіз ұшады екен. Ұшу алдында олар әдеттегіден көбірек тамақ жеп, эксперименттік ұшулар жасап жаттығады екен.  Байқасаңдар, кейбір құстар бірігіп ұшады.
Кейбіреуі мысалы, тырналар үшбұрышталып , тізбектеліп,топталып ,тікелей,сына болып ұшады; кейбіреуі «алқа сияқты болып», бір қатармен ұшады. Ал кейбір құстардың көшбасшылары жол көрсетіп отырады. (Құстар жылы жаққа қалай ұшады, оны балалар бейнематериалдан көреді)

Видеодан суреттеу бойынша құстарды табады.

  1. Қарлығаш

Бұл – кішкентай, қанаты ұзын, құйрығы айыр құс.

Өте жылдам ұшады, ұясын саздан жасайды.

Адамдардың үйіне жақын жерлерде тұруды жақсы көреді.

Бұл қандай құс екенін таба аласың ба?

 

 

  1. Сауысқан

Бұл құстың түсі – қара және ақ, құйрығы ұзын.

Өте ақылды, жылтырақ заттарды жақсы көреді.

«Шақ-шақ» деп қатты дыбыс шығарады.

Бұл қай құс?

 

 

  1. Аққу

Бұл – үлкен, денесі ақ, мойны ұзын құс.

Суда әдемі жүзіп, өте сымбатты көрінеді.

Аққу – махаббаттың белгісі дейді.

Бұл қандай әдемі құс?

 

 

  1. Тырна

Бұл – аяғы мен мойны ұзын, бойы биік құс.

Аспанда биік ұшады, қатты дауыс шығарады.

Қазақ халқы бұл құсты ерекше жақсы көреді.

Бұл қай құс деп ойлайсың?

 

 

  1. Үйрек

Бұл құстың мойны қысқа, тұмсығы жалпақ.

Суда жүзіп, жерде жүре алады, «кря-кря!» дейді.

Көл мен өзенде көп жүреді.

Бұл қандай құс екенін білдің бе?

Мнемосхема бойынша әңгімелеу.

Ұзақтың түсі- қара, тұмсығы ақ. Денесі басы, құйрығы, қанаты бар. Денесі қауырсынмен қапталған. Көктемде жылы жақтан оралады, ұясын жасап балапандарын шығарады. Күзде күн суыта бастағанда, жылы жаққа ұшып кетеді. Жәндікпен, құртпен өсімдіктер дәнімен қоректенеді. Ұзақтар өрістердегі бақтағы жұлдызқұрттар мен зиянкестерді жеп адамдарға көмектеседі.

Мнемосхема бойынша әңгімелейді.

«Төртінші артық» ойыны Мен сендерге құстардың аттарын айтамын, ал сендер қайсысы артық екенін және неліктен екенін айтыңдар.

Көкек ,аққу,суықтоғай ,үйрек — суықторғай /қыстап қалатын құс/

Ұзақ,қарлығаш,торғай, қараторғай -торғай/қыстап қалатын құс/

Ұзақ,сары шымшық,үйрек ,қараторғай -сарышымшық/қыстап қалатын құс/

Қаз ,қарға,ұзақ,көкек – қарға /қыстап қалатын құс/

 

Сергіту сәті:  /музыкамен ойналады/«Ұшады,ұшпайды».                                                   Жыл құсын атағанда ұшады, ал қыстап қалатын құстарды атағанда, отырады.

Ойын ережесі: тәрбиеші құстарды атайды, балалар жүгіріп қанаттарын қағады. Егерде жыл құсын атаса, балалар қанаттарын қағып ұшады, ал егер, қыстайтын құстарды атаса, онда отырады.Үстелдегі зертханаға назар аударайық. Құс қауырсынын лупа арқылы зерттейміз.

/Қауырсындар әртүрлі, түсі , пішіні бойынша /

«Құстар қауырсыны қалай орналасқан?»

Мақсаты: Құстардың экологиялық жүйедегі құрылысы мен өмір сүру дағдысын арасындағы байланыс жайлы білімдерін бекіту.

Көрнекіліктер: тауық қауырсыны, қаз қауырсыны, лупа.

Өткізу барысы: Балалар құстың мамық қауырсынын қарайды. Балалар тәрбиеші айтуы бойынша зерттеу жүргізеді. Барлық құс қауырсындарында өзегі /стержень/ бар, сақал сияқты жүні бар. Енді осы қауырсынды лупамен қарайық.

– Шаш секілді жүндері бір-біріне бекіп орналасқан. Жүндерін көрсетіңдер.

– Егер жел тұрса, не болады?

– Қайшыны алып қауырсынды кесіп көріңдер.(Балалар жұмысы)

– Ішінен не көріп тұрсыңдар?

– Дұрыс,сондықтан қауырсын жеңіл.

– Ал енді қауырсынды алып,суға батырып көріңдер.

– Қауырсын су болды ма,әлде құрғақ па? Қауырсын құстарды сумен дымқылдан қорғайды.

– Ойланыңдар, құстарға үлкен қауырсын қанаттары не үшін керек? (Ұшу үшін.)

– Кішкентай қауырсындар не үшін керек? (Жылы болу үшін)

Дидактикалық ойын: «Антоним сөзді тауып жұмыртқаны құрастыр».

Ойын ережесі: Балалар ұядағы жұмыртқа жартысын суретін қарап , екінші жартысын антоним сөзін табу арқылы табады.Мысалы: жас-кәрі,суық-ыстық ,астында -үстінде ..т.с

 

Енді құстар жайлы болжаулар айтайық, мен бастаймын сендер аяқтаңдар:   

  1. жыл құстары топтанып қайтса — келер қыс қатты болады .
  2. қыста қаз қаңқылдаса, күн жылынады;
  3. қарлығаш биіктей ұшса, ауа райы жақсарады, төмен қалықтаса, бұзылады.
  4. тырна

—    қыстаған жақтан оралуы — күннің жылынғаны;

5.шымшық

—    таңертең шиқылдай бастаса, түнде аяз тұрады.

Балалар құстар жайлы болжауларды жалғастырып, аяқтайды.

— Ал балалар бүгін біз немен таныстық?

РЕФЛЕКСИЯ

Балалар бүгін ұйымдастырылған оқу іс әрекеті ұнаса,түсінікті болған болса.алдарыңдағы қарындашты жасыл қарындашқа,егер мен түсіндім бірақ ештеңе айта алмадым десеңдер,сары қарындашқа ,егер мен ештеңе түсініксіз ,қызықсыз болды десеңдер ,қызыл қарындашқа жапсырыңдар .

Құстар туралы өлең жолдарын хормен айтып аяқтайды:

Айтсақ- әніміз,
Ардақтасақ сәніміз.
Көңілдің хошы,
Табиғаттың досы!
Құс анасын атпаймыз,
Қыста жемдеп баптаймыз

Бауырмал боп бәріңе,

Қорғау заңын сақтаймыз.

Мадақтау. Сабаққа белсене қатысқан балаларды атап өту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шаттық шеңбері

Сұрақтар

Күз мезгілінде неше ай бар?

Күз мезгілінің табиғаттағы құбылыстарын айтыңдаршы.

Балалар бүгін жыл құстары туралы әңгімелесеміз

Балалар құстар қандай болып бөлінеді?

Жыл құстары

Қыстап қалатын құстар

Үй құстары

ОТЫРҒЫЗУ

Экранда слайд бойынша айту.

Ойын /Экраннан /

Ойын: Суреттеу бойынша табайық.Мұқият тыңдаңдар

Зерттеу жұмыстары.

Сергіту сәті

МНЕМОКЕСТЕ БОЙЫНША ӘҢГІМЕЛЕУ.

Құстарға қарап,болжаулар

Балаларды ортаға шығару. Балалар мына ұядағы жұмыртқаның жартысын табу антоним сөзді айтып табу  керек .

Ойын:Музыка қосамын.Балалар егер мен қыстап қалатын құсты айтсам отырасыңдар.жылы жаққа ұшатын құсты айтсам ,ұшасыңдар.

 

Рефлексия жасау

Тақпақты айту.Айтсақ әніміз ардақтасақ сәніміз