Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
Астана қаласы әкімдігінің "№ 86 "Зияткер" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Ресми сайт

Біздің балабақшадағы үйірмелердің жұмысы

Мектепке дейінгі ұйым – баланың алғашқы білім мен тәрбиенің дәмін татып, жеке тұлға ретінде қалыптасуына негіз болатын ерекше орта. Осы мақсатта біздің балабақшада балалардың қызығушылығын арттыру, қабілеттерін дамыту, шығармашылық әлеуетін ашу бағытында түрлі үйірмелер жұмыс істейді.

Балабақшадағы үйірмелердің негізгі мақсаты – әр баланың жеке қабілетін, шығармашылық мүмкіндігін дамыту, сөйлеу, ойлау, қимыл және таным белсенділігін жетілдіру. Үйірме жұмыстары аптаның белгілі бір күндері кесте бойынша жүргізіледі және балалардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылады.

Қазіргі таңда біздің балабақшада төмендегідей үйірмелер тұрақты жұмыс істейді:

  • 🎨 «Шығармашылық әлемі» – сурет салу, аппликация, түрлі қолөнер жұмыстарын үйретеді;
  • 💃 «Би өнері» – ұлттық және заманауи билер арқылы ырғақ сезімін, әсем қимыл дағдыларын дамытады;
  • 🎶 «Ән мен саз» – музыкалық қабілеттерді шыңдап, балаларды сахна мәдениетіне баулиды;
  • «Babytennis » – дене қимыл белсенділігін арттыру, спортқа деген қызығушылықты дамытуға бағытталған;
  • 🎭 «Логопед» – балалардың дұрыс және анық сөйлеуін қалыптастыру, тілдік қорын байыту.
  • Монтессори – баланың өз бетімен әрекет етуіне, еркін таңдау жасауына және жауапкершілікті сезінуіне жағдай жасау.
  • Дзюдо — балаларды дене шынықтыру мен спорт арқылы төзімділікке, тәртіпке және өз-өзін қорғауға баулу.
  • Шахмат — логикалық және стратегиялық ойлауды дамыту, зейін мен сабырлылықты қалыптастыру
  • Робототехника — балалардың техникалық ойлау қабілетін, шығармашылық және зерттеушілік дағдыларын дамыту, заманауи технологиялармен таныстырып, инновациялық ойлауға баулу.

Үйірмелер барысында тәрбиешілер мен жетекшілер балаларға тек дағды ғана емес, өзіне деген сенімділік, ұжымда жұмыс жасау қабілеті мен жауапкершілікті де сіңіреді. Әрбір баланың жетістігі — біздің балабақшаның мақтанышы.

Біздің мақсат – баланың жан-жақты дамуы мен шығармашылық мүмкіндігін ашуға қолайлы жағдай жасау. Үйірме жұмыстарының нәтижесінде балалар белсенді, өнерлі, өз ойын еркін жеткізе алатын, жан-жақты тұлға болып қалыптасады.