Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
Астана қаласы әкімдігінің "№ 86 "Зияткер" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Ресми сайт

Тақырыбы: «Мамандықтар еліне саяхат»

Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта»
Бөлімі: Тіл дамыту, Қоршаған әлеммен  таныстыру
Тақырыбы: «Мамандықтар еліне саяхат»
Топ: «Ботақан» мектепалды топ

Мақсаты:

— Балаларды әртүрлі мамандық түрлерімен таныстыру;
— Әр мамандық иесінің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу;
— Сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Міндеттері:

— Мамандық атауларын дұрыс айтуға үйрету;
— Әр мамандықтың еңбегін сипаттай білуге бағыттау;
— Балалардың ойлау қабілетін, қызығушылығын дамыту.
Көрнекіліктер:

Мамандықтардың суреттері: дәрігер, құрылысшы, полиция, өрт сөндіруші, аспаз, шаштараз;
Құрал-жабдықтар: халат, шприц, кірпіш, қасық, тарақ, шланг; интерактивті тақта, бейнеролик.
Әдіс-тәсілдер:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын, көрнекілік,бейне ойын,презентация,рөлдік сюжеттік қозғалмалы ойындар арқылы.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Мақсаты: Балалардың сабаққа қызығушылығын ояту.
Тәрбиеші:
– Балалар, бүгін біз «Мамандықтар еліне» саяхатқа шығамыз. Онда түрлі маман иелері тұрады.
Олардың еңбегі қандай екенін білгілерің келе ме?
(Балалардың жауабы)

Шаттық шеңбері:
Күн сәулесін төгейік,

Мейіріммен күлейік.

Еңбек сүйген әр бала,

Армандарға жетейік!

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Тәрбиеші балаларға әртүрлі мамандықтардың суреттерін көрсетіп,интерактивті тақтадан таныстырады.
    – Мамандық иелерімен таныстырып айтады.
    – Ол не істейді?
    – Бұл мамандықтың қандай пайдасы бар?

Тәрбиеші:

Балалар өз қалауына байланысты мамандық маскаларын киіп сол мамандыққа барады.
Дәрігер

  • Адамдарды емдейді, ауруды жазады.
  • Құралдары: дәрі, шприц, термометр.
  • Жұмбақ: Ақ халатты абзал жан, Ауруды емдеп жазған.
  • — Тапсырма: Дәрігерге қажетті құралдарды сәйкестендір (стетоскоп, термометр, дәрі).
  • — Ойын: “Науқасқа көмек көрсет” — балалар дәрігер рөлінде науқасты тексереді.
  • Қуыршақтың қол, бас жарақатын таңып береді.

 

Құрылысшы

  • Үйлерді, жолдарды, көпірлерді салады.
  • Құралдары: қалақ, кірпіш, каска.
  • Жұмбақ: Қолында тастың қалағы, Салады үйдің қабағы.
  • Тапсырма: Үй салу үшін блоктарды дұрыс орналастыр.
  • — Ойын: “Үй салу ” — үлгі бойынша үйдің қабаттарын тұрғызу.
  • — Қосымша: Үйдің құрылысын сипаттау.

 

Полиция

  • Жолда тәртіп орнатады, адамдарды қорғайды.
  • Жұмбақ: Көшеде тәртіп сақтайды, Қауіпсіздікті бақылайды.
  • «Дұрыс», «Бұрыс» дидактикалық ойыны
  • Бейне экраннан «Мамандықтар» ойыны

Өрт сөндіруші балалар

  • Өртті сөндіреді, адамдарды құтқарады.
  • Жұмбақ: Өрт шықса, қорықпайды, Су шашып сөндіреді.
  • Өрт сөндірушіге қажет құралдарды тап?дидактикалық ойыны.
  • Жол белгілерін дұрыс ата ойыны.

Аспаз

  • Балалар дәмді салат жасайды.
  • Жұмбақ: Дәмді тағам пісіреді, асхананы түсіреді.
  • Балалар жеміс – жидектерден тіскебасар, салат жасайды.

Шаштараз

  • Шаш қияды, тарайды, адамдарды әдемілейді.
  • Жұмбақ: Қайшыменен қияды, Әдемі шаш сыйлайды.
  • Балалар шаш үлгісімен, бет әрлеу сюжеттік ойын
  • Шаштараздың құралдарын дұрыс тап дидактикалық ойыны.

Ойын: «Мамандықты тап» Додекаэдр

Тәрбиеші Додекаэдр арқылы мамандықтың сипаттамасын айтады, балалар оның атын табады.
Мысалы:
– Адамдарды емдейді (Дәрігер)
– Дәмді тамақ пісіреді (Аспаз)
– Үйлерді салады (Құрылысшы)

 -(Адамдарды қорғайды) Полиция

ІІІ. Сергіту сәті

«Менімен қайтала» бейне әнімен қимылмен жаттығу жасау.

IV. Қорытынды бөлім

– Қандай мамандықтармен таныстық?
– Кімнің еңбегі сендерге қатты ұнады?
– Сендер өскенде кім болғыларың келеді?

Балалар өз әсерін смайлик арқылы көрсетеді:   ұнады,  орташа,  қиын болды.

Тәрбиеші қорытындылайды:
– Әр мамандық – маңызды, олардың барлығы адамдарға көмек көрсетеді.
Сондықтан еңбекті сүю керек.

Бағалау:

Белсенділік, сұрақтарға жауап беру, ойынға қатысу деңгейі бойынша мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

— Балалар мамандық атауларын біледі;
— Әр мамандықтың еңбегін ажырата алады;
— Өз ойын жүйелі жеткізе біледі.