Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
Астана қаласы әкімдігінің "№ 86 "Зияткер" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Ресми сайт

Топ: «Балапан» мектепалды

Тәрбиеші: Мамытова Г.А

Білім беру саласы: «Таным»

Оқу қызметі:Математика негіздері

Тақырыбы: «Сиқырлы кейіпкерлер қорапшасы»

Мақсаты: 10 — ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру. Тура және кері санау тәртібімен  таныстыруды  жалғастыру. Қызықты математикадан өткен білімдерін қайталату. 10 көлеміндегі кестелік қосу және азайтуды, 10 көлеміндегі нумерацияны, 10 көлеміндегі сандардың құрамын қайталау.Сандардың таңбасын танып білуге  үйрету.Сандардың қатарын ажырата білу қабілеттерін дамыту.Шапшаң есептеуге баулу. Сұрақ қою және дағдыларын дамыту. Қоршаған ортадағы сәйкес пішіндегі заттарды табуы. Логикалық ой өрісін дамыту, есепке қызығушылығын арттыру, алған білімдерін пысықтай отырып, бекіту. Айтқанды мұқият тыңдауға, өзгенің ойымен келісе білуге, сыпайы бола білуге, адамгершілікке тәрбиелеу

Билингвальды  компонентібір,екі,үш,төрт,бес,сандарды қосу.

Сөздік жұмысыадасқан  сандар,шатасқан аңдар.

Қолданылатын көрнекі құралдар: сандар,есептер , салыстыру шамалары, апта күндері, күз мезгілінің суреті, пішіндер бейнесі мен макеті

Ұйымдастыру кезеңі :

— Балалар қане бәріміз тұрып шаттық шеңберін құрайық.

Шаттық шеңбер.

Біздер жақсы баламыз,

Өсті ақыл санамыз.

Қонақтармен  ең  алғаш,

Амандасып аламыз.

Сәлеметсіздер ме?

Дұрыс, балалар бізге келген барлық қонақтармен амандасып  өз  әдептілікпен ізетілігімізді  білдірдік.

Мотивациялық қозғауыш :

-Балалар бүгін  біз  математика негіздерін өтеміз.Алдымен не білетінімізді тексерейік.

Сұрақ-жауап:

  1. Бір жылда неше жыл мезгілі болады?(4мезгіл)
  2. Бір аптада неше күн бар? (7 күн)
  3. Апта  күндерін атаймыз. (Атап береді)
  4. Бүгін аптаның қай күні? (Сейсенбі)
  5. Кеше,бүгін,ертең дегенді қалай түсінесіңдер? (Кеше өтіп кеткен күн,бүгін болып жатқан күн,ертең келе жатқан күн.)
  6. Ал, қазір жылдың қай мезгілі? (Күз мезгілі)
  7. Қыс мезгілінің ай аттарын атай аласыңдар ма? (қыркүйек ,қазан, қараша)

Сұрақтарды  суреттерді  көрсетіп  сұрау

Кенеттен белгісіз жерден музыка ойнайды.

Тәрбиеші топта  гүлдердің арасынан белгісіз қорапша тауып алады.Қорапшаның әр жағында пішіндер бейнеленгенін ішінде бірнеше тапсырмалар бар екенін айтады.Ал бұл қорапша қайдан келгенін білу үшін сыртында тұрған флешкадан видеоны қарайды.Видеода  «Балапан» арнасының мультфильм кейіпкерлерінің  арнайы қалдырған жазбасын көреді.(Балалар қызыға  қарайды.)

Міне ,балалар  көрдіңдер бүгінгі  оқу –қызметіміз өте қызықты болғалы тұр.Мұнда мультфильм кейіпкерлері сендерге өздері  шеше алмаған тапсырмалар  ретін  салып  жіберіпті.Ал біз  оларға  тапсырмаларды  орындап  шешімдерін  тауып  беретін  болсақ   бізге  сый әкеп  берулері мүмкін.Көмек береміз бе? ( Көмек беруге  талпынады.)

Ендеше қандай тапсырмалар екенін көрейік. Оны көру  үшін 1-ден —  10  -ға  дейін тура  және кері санауымыз керек , оны санап көрейік. (Бірден –онға дейін тура, кері санап береді.)

Кенеттен қораптың бір бетінен  жарық түсе бастайды.

-Балалар  қараңдар нені көріп тұрсыңдар?

Дұрыс , енді біз ең алдымен  қызыл түсті шеңбердегі тапсырманы орындау керекпіз.

(Қызыл түсті  шеңберді)

1.«Сүйкімді понилердің тапсырмасы»

«Аңдардың адасқан бейнесі»

Әр балаға 1-10 ға дейінгі қиылған аңдардың суреттері беріледі.Соны сан реті бойынша  реттеу керек. (Балалар  реттеп қояды.)

Жарайсыңдар балалар енді келесі тапсырмаға көшейік.Осы сөзден кейін қораптың екінші жағы жанады.

-Балалар,қандай пішін шықты? (Көк түсті үшбұрыш)                 

2. «Көліктердің тапсырмасы»

« Көршісін тап»

Тақтаға әр балаға сандар  ілінеді.Балалар  шығып  сол  сандардың   көршілерін тауып іледі.( Сандардың көршілерін табады.)

Тапсырма аяқталған соң кенеттен қораптың үшінші жағы жанады? Сары түсті шаршы

3. «Эльзаның тапсырмасы»

«Есептер  қосамыз,аламыз»

Әр баланың  алдына қағазға  есептер тапсырмасы беріледі.Онда сандарды  қосу мен азайту есептері берілген. (Есептерді есептеп шығарады.)

 Қораптың төртінші жағы жанады

Жасыл түсті тіктөртбұрыш

4. «Құтқарушы күшіктердің тапсырмасы»

«Үйлерді салыстырамыз,артық ,кем»

  Балалар алдыларына берілген қағаздағы салыстыру тапсырмасын орындайды.

Үйлерді салысытырады.

 Сергіту  сәті:

Оң қолымда бе сусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Бесті,беске қосқанда,

Болып шықты он саусақ.

 «Тура және кері сандар»

Балалар қолдарына 0 ден-10 ға дейінгі сандарды ұстап шығады.Музыка ырғағына билеп жүріп  белгі берілгенде тура реттеліп тұрады.Келесіде кері қарай тұрады.

Тура және кері  реттеліп тұрады.

Қораптың бесінші жағы жанғанда балалар қызғылт сары  түсті сопақшаны көреді.

Қызғылт сары  түсті сопақша.

5. «Сүйкімді Софияның тапсырмалары»

«Адасқан  сандар»

1-10 дейінгі сандардың араларында  бірнеше сандар  жоғалып кетіпті ,соларды тауып жазу. Ойланып жазады.

Жарайсыңдар,балалар сендер барлық тапсырманы дұрыс орындап шықтыңдар.Енді бізде  қораптың соңғы  жағы қалды .Ол қораптың қақпағы оны  ашудың соңғы тапсырмасы  бізге берілген ойынды  ойнау екен.

Мұқият тыңдайды

6.Ойын:  «Көңілді пішіндер»

Балалар 4 топқа  бөлініп отырады. Әр топқа әр түрлі түсті пішіндер беріледі.

1 топқа қызыл,сары,көк түсті  кішкене  шеңберлер.

2 топқа  дәл сол түсті үшбұрыштар.

3 топқа шаршылар.

4 топқа  тіктөртбұрыштар.

Осы пішіндерді  әр бала өз түсін түтікше арқылы өз ыдысына жинап алуы керек.

Жарайсыңдар, балалар сендер барлық тапсырмаларды орындап,ойынды да дұрыс ойнадыңдар. Ойынға қызыға қатысады.

 

Рефелекциялық қозғауыш

Қорытынды:

Сұрақ-жауаптар:

-Бүгінгі оқу –қызметі  сендерге ұнады ма?

-Барлық тапсырмаларды орындадық па?

-Сандарды тура және кері санайық

-есептер шығару оңай ма екен,әлде қиын ба?

Балаларды бағалау Сұрақтарға жауап береді.

Балалардың іс-қимылдары

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: 1ден-10ға дейінгі сандардың таңбасын білу керек.

Игереді: 10 көлеміндегі сандарды  қосуды  және  азайтуды.

Меңгереді: сандарды танып білуге, тура және кері санауды.